Шерзат Полатқа қатысты қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы өтіп жатыр
Қоғамда резонанс тудырған қайғылы оқиға 2024 жылдың қазан айында орын алған еді. Бұл істе 9 айыпталушы бар. Шерзат ісі бойынша сот адвокат Калиеваның кешігіп келуіне байланысты шамамен 40 минутқа кеш басталды.
Шерзат Болатқа қатысты іс бойынша жәбірленуші тарапты 6 адвокат, ал айыпталушыны 8 адвокат қорғауда.
Сот айыпталушылардан жауап алды:
- Абзал Шынасыл— уақытша жұмыссыз, үйленбеген, бұрын сотталмаған.
- Равиль Сакиев— мейрамханада жұмыс істеген, үйленбеген, бұрын сотталған.
- Шыңғыс Белгожаев— спорт мектебінде жұмыс істеген, үйленбеген, бұрын сотталған.
- Дархан Аскентай— уақытша жұмыссыз, үйленбеген, бұрын сотталған.
- Нұркияс Ильясов— уақытша жұмыссыз, үйленбеген, бұрын сотталған.
- Азамат Тоқтаубаев— жеке кәсіпкер, үйленген, бұрын сотталған.
- Нұрбол Тоқтаубаев — «Ақбұлақ» компаниясында арнайы техника операторы, үйленген, бұрын сотталмаған.
- Дидар Қалиахмет— жүргізуші, жеке кәсіпкер, үйленген, екі баланың әкесі, бұрын сотталған.
- Думан Ысқақ— жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы.
Айыпталушылардың адвокаты келесі сот отырысын Алматы қаласында өткізуді сұрады. Бірақ сот төрағасы өз шешімдерін өзгертпейтінін жеткізді.
Істі бақылап отыру үшін 10:00-де «Khabar News» арнасындағы тікелей эфирге қосылыңыз!