Шымкентте «ақылды» жылыжайдың капсуласы салынды
Шымкенттік ғалымдар шитті мақта дақылын гидропоника әдісімен өсіруді қолға алмақ.
Осыған орай жоғары оқу орындарының бірінде «ақылды» жылыжай пайда болады. Нысанның болашақ құрылыс алаңына капсула салу рәсімі өткізілді. Экологиялық жобаның авторы - климаттың өзгеруіне үлес қосқан Нобель сыйлығының лауреаты Рэ Квон Чунг мырза. Корейлік ғалымның жетекшілігімен жылыжайда жоғары сұрыпты мақта өсіру технологиясы енгізіліп, ол күн мен жел энергиясынан қуат алады.
Гүлнәр Тастанбекова, Ұлттық ауылшаруашылығы академиясының корреспондент, мүшесі:
- Бакалавриаттар сабақ өтеді. Агрономия, топырақтану және агрохимия, өсімдік қорғау және карантин сияқты мамандықтарды себу кезінен бастап өтеді екен. Білімін арттыруға, тәжірибесімен өз қолымен жасауға өте үлкен мүмкіншілік. Бұл цифрландыру технологиясы. Екінші, үшінші кезеңде селекциядан алған тұқымды әрі қарай жұмыс жасауға болады деп есептейміз.