Көпшілік кітапты сатып алып оқиды
Өткен жылдың соңғы тоқсанында оқырман саны күрт азайған. Қазір ел аумағында 4 мыңға тарта кітапхана бар.
Оған 5,7 млн адам жазылыпты. Бұл 7%-ға аз көрсеткіш. Кітапхана қоры да біршама азайыпты. Себебі елде кітап шығару ісі бәсеңдеген. Дегенмен түрлі баспадан шыққан еңбектерді сатып алып оқитындар көбейіпті. Ең белсенді оқырмандар Алматыда тұрады. Әр отбасы бір тоқсанда 2 жарым мың теңгесін кітапқа жұмсаған. Тізімді Астана мен Қызылорда оқырмандары жалғайды. Ал Шымкент жұртшылығы бұл тұрғыда үнемшіл болып шықты. Бекер емес, наурызда елдегі кітап құны шамамен 2 жарым пайызға қымбаттаған. Әсіресе, Атырау, Абай облыстары мен Алматыдағы баға айтарлықтай өсіпті. Ал Алматы, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, керісінше төмендеген.
Өңір тұрғындары кітапқа қанша ақша жұмсайды?
Алматы - 2,3 мың тг
Астана - 2,2 мың тг
Қызылорда - 2 мың тг
Түркістан - 638 тг
Маңғыстау - 505 тг
Шымкент - 239 тг