Шерзат ісі: оқиға орнында қыздар да болған. LIVE
«Шерзат» қайтыс болған күні оқиға орнында қыздар да болған. Бұл туралы Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында айтылды.
Шыңғыс Қалиден, тілші
- Қайғылы жағдай күні оқиға орнында қыздар да болған. Ол туралы сұрақ жауап барысында Шерзаттың анасы айтты. Гүлбарам Бишимбиева «Қыздар бізге қарай тас лақтырды. Жедел-жәрдем, полиция шақырыңдар дегенде олар қарап тұрды,- деді. Бұл пікірді марқұмның әкесі Қаржаубай да растады. Ол түсінбеушілік қаржы аударымына байланысты туындағанын айтты. Жанжал кезінде күдіктілер қойыңдар, дегенімізге құлақ аспады. Сонымен қатар Равиль, Абзал, Шыңғыс, Азаматтың қолында пышақ болғанын айтты. Шерзат қансырап жатқанына Нұрқияс мылтықтпен ұрғаннын да жеткізді. Шерзатты көлікке отырғызғанда пульс болғанын орта жолда пульсі жоғалып кеткенін мәлімдеді.