Астанада әуе кеңістігі уақытша жабылады
Әскери шерудің дайындығына байланысты Астанада әуе кеңістігін пайдалану уақытша шектеледі.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Яғни әскери авиацияның ұшу жаттығулары өтеді. Уақытша шектеу ертеңнен бастап 7 мамыр аралығында күндізгі сағат оннан - бірге дейін енгізіледі. Сондықтан жолаушылар рейстер жайлы ақпаратты әуежай мен авиакомпаниялардан алдын ала нақтылап алғаны жөн.