Ақтауда сотталғандар қоғамдық жұмыстарды жалған орындаған

Ақтауда сотталғандар қоғамдық жұмыстарды жалған орындаған. Бұл фактіні қалалық прокуратура анықтады.

Пробация қызметінде есепте тұрған 87 сотталғанның қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібі тексерілді. 8 сотталғанның іс жүзінде жазаны толық орындамағаны анықталды. Алайда есепке алу табелдерінде жұмыс орындалды деп жазылған. Ақтау қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы» бөлімінің басшысы тәртіптік жауапқа тартылды.