Ақтөбе облысында 4000 ағаш егілді

Ақтөбе облысы аумағында 4 мың ағаш егілді . «Таза Қазақстан» экологиялық  акциясы кезінде 200-ден астам саябақ пен сквер қоқыстан тазартылды.

Сенбілікке 25 мыңға жуық адам қатысты.  836 әлеуметтік нысан мен 8 мыңнан астам аула ретке келтірілді. Елдімекендерден бөлек,  өзен-көлдердің жағалаулары да қамтылады. «Мөлдір бұлақ» экологиялық шарасы ұйымдастырылып,  250 тонна қоқыс шығарылды.  «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық шарасы басталғалы ауыл-аймақ қоқыстан тазарып, экология жақсарды», - дейді тұрғындар.