Қонаевта кітапхана ғимараты жаңғыртылды
Қонаевта кітапхана жаңғыртудан өтті. Заманауи үлгідегі ғимарат ұжымы бір мезгілде 100-ден астам адамға қызмет көрсетеді.
Мұнда түрлі жанрдағы әдебиеттің мол қоры бар. Мәдени-ағартушылық кешен жоғары жылдамдықты интернет, коворкинг бөлмелерімен қамтылған. Оқырман нысанның жаңа идеялар орталығына айналарына сенеді. Жоспарға сәйкес биыл Еңбекші қазақ, Қарасай және Ұйғыр ауданындағы ауыл кітапханалары да жаңғыртудан өтеді. Айта кетсек, ел Үкіметінің қаулысымен «23 сәуір - Ұлттық кітап күні» деп белгіленді.
Айгүл Ақтанова, кітапхана директоры:
- Модернизациялауға дейін 32 орынға арналған болатын. Қазір орын саны үш есеге артты. Енді оқырмандар үшін біз кеңінен, еркін форматта. Еркін түрде қызмет ете аламыз. Ерекшеліктерінің бірі - ол «Қолжетімді кітапхана». Бұрын бізге оқу залы ғана болатын болса, қазір «Еркін аймақ», «Интернет аймағы» деген сияқты аймақтар саны көбейді. Тағы бір айта кетер ерекше өзгеріс - цифровизацияға мойын бұруымыз. Электронды форматқа ауысуымызға көптеген құрал-жабдықтар қойылды.