Атырау облысындағы Азғыр өңіріне жаңадан электр желісі тартылады
Ондағы Сүйіндік, Балқұдық, Асан, Үштаған ауылдық округтері, қуатты Ресейден алып келеді, деп хабарлайды 24kz.
Бағасы отандық энергиядан 3-4 есе қымбат. Осыған орай жергілікті билік ұзындығы 180 шақырым болатын «Ақкөл – Қошалақ – Асан» электр желісі жобасының сметалық құжаттамасын дайындауға кірісті. Азғыр Атыраудан 600 шақырым, аудан орталығы Құрманғазы ауылынан 300 шақырым қашықта орналасқан ең шалғай өңір саналады.
Абат Жанғалиев, Құрманғазы ауданының әкімі:
- Бізде Азғыр өңірінде 3 ауылдық округтегі 6 мыңның үстінде тұрғыны бар ауылдарымыз әлі де РФ-ның жарығын алады. Ол рас. Оған қосымша бізде Қошалақ елді мекенінде жарық жоқ болуына байланысты соған жаңағы Ақкөл, Қошалақ, Асан ауылдық округтері бойынша электр желісін тарту қолға алынады. Сараптаманың оң қортындысын алғаннан кейін құрылыс жұмыстары жүретін болады.