Қызылордада патриоттық тәрбие тақырыбында танымдық кездесу өтті

Қызылордада жастарға арналған отансүйгіштік бағыттағы дәріс ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.

Іс-шараны облыстық жастар ресурстық орталығы мен Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бірлесіп өткізді. Кездесу барысында жастарға Қазақстан Қарулы күштері туралы кең көлемді ақпарат ұсынылып, әскерге шақыру науқаны жайлы мағлұмат берілді. Биыл көктемде өңірден 300-ден астам адам Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Әскери комиссариаттың мәліметінше, шақыртудан жалтару фактілері тіркелмеген.

Алмат Жақыпов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:

- Оқу орындарында, университеттерде әскери-патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында осындай шараларды ұйымдастырып жатырмыз. Осы шаралардың нәтижелерінде биылғы жылы әскерге шақыру барысында әскерге барушылар қатары көбейіп жатыр. Бұл өте қуантарлық жағдай. Осындай мақсатта әскерді насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында осындай шараларымызды көбейтеміз.