Ұлттық электрондық кітапхана қоры толығып келеді
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ауқымды бір жобасы – kazneb.kz.
Қазақстанның Ұлттық электрондық кітапханасы. Кітапхана қорында 64 тілдегі 79 870 құжат сақтаулы тұр. Электронды мұрағатта араб, парсы, татар және шағатай тілдеріндегі қолжазбалар, сондай-ақ араб графикасымен жарық көрген 10 мыңнан астам сирек кітап пен қолжазба тұр. Коллекцияда мыңнан астам қазақ әндері мен күйлері, батырлар жырлары мен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген аудиокітаптар бар. Қазақстанның Ұлттық электрондық кітапханасын 101 елдің оқырмандары пайдаланады. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Германия, АҚШ, Нидерланд, Өзбекстан, Франция, Қытай, Түркия, Ұлыбритания және басқа мемлекеттер бар.