Ұлытау облысында баланы ұрған тәрбиеші сотталды
Ұлытау облысында баланы ұрған балабақша тәрбиешісі сотталды. Оқиға Жезқазған қаласында болған.
Балабақша қызметкері үш жасар баланы ұрып жіберген. Сотта тәрбиеші өз кінәсін мойындамады, бірақ оның балаға қол көтергені видеожазбамен дәлелденді. Сот шешімімен тәрбиеші 3 жылға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырылды. Ол 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады.