«Жеңіс эстафетасы» Қазақстанға жетті
Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық «Жеңіс эстафетасы» Шығыс Қазақстан облысында табысталды, деп хабарлайды 24KZ. Беларусь пен Ресейден жеткен капсулада жауға алғаш тойтарыс берген Брест қамалының топырағы бар. «Сондықтан бұл жай мерекелік символ емес, ерлік пен батырлықтың белгісі», – дейді ұйымдастырушылар.
Іс-шараға қатысқан ардагерлер Даңқ мемориалына гүл қойып, соғыс даласында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды. «Жеңіс Эстафетасы » еліміздің барлық өңіріне жеткізіліп, көпшілік назарына ұсынылады. Сөйтіп, жоспар бойынша ТМД мемлекеттерін аралап шығады.
Ғалымжан Бакетов, ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшісі:
- Осыдан ары қарай «Жеңіс эстафетасы» Қазақстанның барлық қалаларында болады. Ертең біз Абай облысы бойынша департаменттің шекара қызметіне табыстаймыз. Одан ары қарай Алматы облысына бізден, кейін Қырғызстан Республикасына табысталады.