«Семей орманы» резерватының өртке қарсы қызметтері тексерілді

Абай облысында орман өрттерін ерте анықтау жүйесі орнатылады.  Жалпы ауданы 600 мың гектарды қамтитын 36 мұнаралы құрылғы орнатылады.

Жүйе биыл шілде айының басына іске қосылады деген жоспар бар. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Канат Бозымбаевтың Абай облысына жұмыс сапары барысында айтылды. Ол  «Семей орманы» резерватының өртке қарсы қызметтерінің жұмысын тексерді. Биыл мемлекеттік орман қоры аумағында 5 орман өрті тіркелген.  От жалпы 1040,49 гектар аумақты шарпыған.  Орманды алқапты қайта қалпына келтіру үшін резерватта 2 824,2 гектар жерге 9 миллионнан аса қарағай көшеттері отырғызылды. Биыл қосымша 4 800 гектар жерге ағаш егілмек. Сапар барысында вице-премьер Бесқарағай ауданына қарасты Батпаев орман шаруашылығында болып, орман қорғау қызметкерлеріне 26 шағын өрт сөндіру кешенінің кілтін табыстады. Бүгінде резерват құрамында 34 орман шаруашылығы жұмыс істейді. Сапар аясында Қанат Бозымбаев мемлекеттік орман қоры мен оған іргелес аумақтарда минералдандырылған өртке қарсы жолақтардың енін ұлғайтуды тапсырды.