Қонаевта мемлекеттік тілді оқытуды цифрландыру тетіктері талқыланды
Қонаевта «Мемлекеттік тіл саясаты:озық тәжірибелер мен инновациялар» атты республикалық семинар басталды.
Оған ғылым және жоғары білім, мәдениет және ақпарат министрлігі мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысып жатыр. Сондай-ақ Алматы, Астана, Шымкент қалаларының тілдерді дамыту саласына жауапты басқарма қызметкерлері мен тіл жанашырлары да келді. Жиында қандай мәселелер көтеріледі?
Алматы облысында тіл оқытуды цифрландыру бойынша бірнеше жоба жүзеге асып жатыр. Солардың бірі - тілді заманауи әдістер арқылы оқыту мен ономастика саласын жүйелеу үшін «Til Alatau» платформасы іске қосылды. Ұзақ мерзімге арналған бағдарламаға экспедициялық бағыттар енгізілген. Тағы бір тың идея - «Чемпион» мультфильмі.
Қайыржан Рахымжанов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы:
- Алматы облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен алғаш рет олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке арналған «Чемпион» атты мультфильмнің түсірлуі. Қазіргі таңда бұл жоба басталды. Негізгі сюжеті, жалпы құрылымы анықталып жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар барлық басқармаларда, негізгі әкімдіктер қызығушылық танытып отыр. Өзінің жалғасын табады деген сенімдеміз.
Бұл туынды балаларға арналған қазақ тілдегі контенттің үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Семинар барысында сала мамандары тың идеяларын ортаға салып, өзара тәжірбие алмасты. Мақсат – Алматы облысында тілге қатысты жүзеге асқан жобалаларды өзге өңірлерге де тарату.
Данияр Ахметов, Алматы облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы:
- Бүгінгі шараға республикамыздың тіл комитетінің басшылығы, сонымен қатар осы еліміздегі бүкіл қалалар мен облыстардың тілге басшылық ететін басшылары бас қосып отыр. Басты мақсаты – Алматы облысы тілдерді дамыту мәселесі саясаты жөніндегі тәжірбиесін үйреніп, тәжірбие алмасу мақсатында ұйымдастырылып отырған іс – шара.
Жиында қазақ тілінің дамуына зор үлесіп жүрген жандар марапатталды. Семинар екі күнге жалғасады. Шара аясында тағы бірнеше маңызды жобаның тұсауы кесіледі.