Прокуратура қызметкерлері арасында спартакиада өтті
Шымкентте прокуратура қызметкерлері арасында республикалық спартакиада ұйымдастырылды.
Жеңістің 80 жылдығына орай сайысқа еліміздің барлық өңірінен 25 команда, жүзге тарта қатысушы шақыртылған. Олар арқан тарту, гір көтеру, эстафеталық жүгіру және қол күресінен өзара сынға түсті. Іс-шараның ашылу салтанатында майдангерлердің ерлігін дәріптейтін сахналық қойылым көрсетілді. Батыр бабалардың жанкештілігі мен отанға деген адалдығы дәріптелді. Командалық жарыс пен жекелей сында топ жарған үздіктер Бас прокурордың атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Ернұр Уәли, ҚР Бас Прокуратурасы Кадрлық жұмыс департаментінің басқарма бастығы:
- Идеологиялық және тәрбиелік жұмыстар күшейтілуде. Бұл Мемлекет басшысының жеке тапсырмасы. Сайыстарға 40 жасқа дейінгі қызметкерлер тәртіпке сай белгіленді. Барлығының дайындығы өз деңгейіне келеді, жоғары деп санаймыз. Тек қана мықтылар жеңіске жетсін деп тілейміз. Сәттілік болсын.