Қызылордада 860 жас әскер қатарына қабылданды
Қызылорда облысынан 860 жас әскер қатарына алынды.
Комиссариат өкілдерінің айтуынша, барлығы да өз еркімен бара жатыр. Биыл әскерге шақырту тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Мысалы әскери қызмет мерзімін шегергісі келетіндер, өтінішті цифрлық жүйе арқылы бере алады. Бұл тізімде студенттер, мұғалімдер мен ауыл дәрігерлері, ғалымдар мен бала тәрбиелеп отырған әкелер бар. Бұдан бөлек әскерге аттанған ер азаматтың несие төлеу мерзімі бір жылға кейін шегеріліп, жоғары оқу орнына түсуге жеңілдік беріледі. Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр. Бұл жолы Отан алдындағы борышын өтеуге 20 мың бозбала аттанады.
Алмат Жақыпов, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:
- 860-қа жуық азаматқа тапсырыс түсті. Оның ішінде ҚР ҰҚК шекара қызметіне 12 тапсырыс түсіп, оны абыроймен 125 адам беріп, яғни 104 пайызға орындап отырмыз. ҚР Қарулы күштері қатарына 430 азаматқа тапсырыс түсіп тұр. 430-дың бүгінгі таңға дейін 170 жіберіп отырмыз. Түскен тапсырысты 100 пайыз орындаймыз деген ниетімсіз бар.