Астанада әскери-патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды

Әскери тарих сабақтарын меңгеру әскери-патриоттық жұмысқа жаңа серпін береді. Ұлттық қорғаныс университетінде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда мамандар осылай деді.

Іс-шараға Парламент депутаттары, ғалымдар және Әзербайжан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің сарапшылары қатысты. Онда Соғыс майдангерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі насихатталып, жастарды елжандылыққа баулу мәселелері талқыланды. Конференцияға дайындық барысында әскери-тарихи материалдардың үлкен көлемі зерделеніп, жинақталды.

Асқар Мұстабеков, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы:

- Әр қатысушының өз пікірі бар білдіріп жатқан. Сол пікірлерді біз үлкен жинақ шығарып, сол жинақты өзіміздің Қарулы Күштерімізге, өзіміз басшылық ететін мектептерге, колледждерге үлестіріп береміз. Сондықтан патриоттық тәрбиелеуге маңызды іс-шара болып саналады деп ойлаймын.