Астанада Үкімет аппараты сенбілікке қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында сенбілікке шықты.

Қатысушылар жалпы ауданы 68,5 мың шаршы метрден асатын EXPO саябағы аумағына қарағай, қайың және басқа да ағаш түрлерін екті. Қазіргі уақытта саябақ аумағында 9 200 ағаш, 25 500 көпжылдық бұта өсіп тұр. «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында бір апта ішінде елде 200-ге жуық экологиялық іс-шара өтті. 5 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысандары ретке келтіріліп, өзендер, көлдер және басқа да су айдындары айналасындағы 5,8 млн шаршы метрден астам аумақ тазартылды. Жалпы «Таза Қазақстан» бастамасы қолға алынған бір жылда іс-шараларға 6 млн-нан астам адам қатысты. 1,6 млн жасыл желек егіліп, 1,1 млн тонна қоқыс жиналды.