Биыл өндіріс орнындағы апаттардан 293 адам зардап шеккен

Жұмыс барысында оқыстан жапа шегетін жандардың саны 16,8 пайызға азайды. Бірақ бұл көрсеткіш жетімсіз. Өндіріс орнындағы апаттардан жыл басынан бері 293 адам жарақаттанып, 40-ы опат болған.

Зардап шеккендердің дені тау-кен өңдеу, құрылыс саласында қызмет атқарған. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онда өнеркәсіп өндірісті өңірлерде қайғылы жағдай жиі болатыны айтылған. Мәселен, үш айдың ішінде Қарағандыда 31, Қостанайда 27, Шығыс Қазақстанда 24 адам жапа шеккен. Сол секілді Ақтөбе, Атырау облысы мен Алматы қаласында да апат жиі тіркеледі. Мұндайда кәсіпорын басшылары жараттанғандар мен жан тапсырғандардың жақындарына әлеуметтік көмек көрсетуге міндетті. Мемлекет мезіреті де бар.

Бибарыс Тәңірбергенұлы, ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы:

- Мүгедектіктің дәрежесіне қарай қойылады. Мысалы 70 пайыз еңбек қабілеттіліген айырылған жағдайда жалақысының 70 пайызы көлемінде сол уақытқа дейін алған бір жылдың ішіндегі жалақысының 70 пайызы көлемінде ай сайын төлеп отырады. Одан бөлек жұмыс беруші өзінің есебінен егер ұжымдық шарттарында көзделсе, өзінің тарапынан көмектер қарастырылады. Ал қайтыс болған жағдайда асыраушысы әйелі жұмыссыз болған жағдайда және отбасындағы 18 толмаған балаларының әрқайсына 18 жасқа дейін тиісті ақы төлену қарастырылады.

Қарағанды облысы – 31 адам

Қостанай облысы – 27 адам

Шығыс Қазақстан облысы – 24 адам

Ақтөбе облысы – 22 адам

Атырау облысы – 22 адам

Алматы қаласы  – 19 адам