СҚО-да су тасқынына байланысты эвакуация орындары дайындалды

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді түрде жалғасып жатыр.

Өңірдегі Большая Малышка ауылының 20 тұрғыны Эвакуациялық пункттерге көшірілді. Қалғаны туыстарына кетті. Есіл өзенінде су деңгейі түсіп келеді. Қызыл судан келер қауіп жоқ. Бұл туралы арнамыздың аймақтағы тілшісі мәлімдеді. Большая Малышкадан бөлек Қызылжар ауданының Тепличное, Заречное, Ольшанка және ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызыл судың алдын алуға мыңнан аса адам мен 126 бірлік  техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 100 мыңнан аса қапшық дайындалып, төселді. Сондай-ақ Заречное ауылында 79 мың текше метр су сорылды.