Жезқазғанда құқық қорғаушылар 1200 көшет екті
Жезқазғанда құқық қорғау және сот саласының қызметкерлері мыңнан астам көшет екті.
Экологиялық акция Жеңістің 80 жылдығына арналды. Тұқымбақта тамыр жайған көшеттер «Наурыз» саябағындағы бос аумаққа егілді. Құқық қорғаушылар мұндай акцияны алдағы уақытта да жалғастырмақ. Жеміс ағаштары егілген аллеяның тазалығына да үлес қосамыз деп отыр.
Жасұлан Еламанов, облыс прокуроры:
- Бұл акцияны біз бір рет істеп қоя салмаймыз. Бұл еккен талдарымызды өзіміз бақылаймыз. Мынау құқық қорғау, сот органдарымызбен бөлісіп, график қоямыз. Міндетті түрде суаруға да қатысамыз. Қарап тұрамыз. Өзіміздің қамқорлығымызға аламыз. Жұмыстан бос кезде осында келіп қарап жүреміз.