Абай облысындағы көпір құрылысы қашан басталады?
Көкпекті мен Тассай ауылын жалғайтын көпірді былтыр су шайып кеткен еді. Биыл орнына жаңасы салынады.
Жалпы Абай облысындағы бұл құрылыс биыл көктемде басталады деген сөз болған. Бірақ әзірге жұмыс басталмаған. Халық осыған алаңдайды. Өйткені уақытша деп салып берген өткел де қирап тұр.
Тассай ауылын аудан орталығымен жалғап тұрған бұл көпір 2012 жылы салынды. Былтыр көктемде оны су шайып кетіп, әкімдік халыққа уақытша өткел салып берген. Бірақ оған да зақым келді. Енді тұрғындар Көкпектіге бара алмай, қиналып отыр.
Ауыл халқы орталыққа қатынау үшін айналма жолмен 100 шақырым жер жүреді. Уақытша өткел де, көпір де қирап жатыр. Тассай ауылының тұрғыны Қайыржан Ізғұттинов қоғамайтуынша айналма жолмен жүреміз деп, талай көлік жолда қалған. «Жауын-шашын болса, батпағы шығып, қатынау қиындайды», -. дейді.
Қайыржан Ізғұттинов, Тассай ауылының тұрғыны:
- Тақау арада бастаймыз деп кетті. Бірақ басталатын түрі жоқ. Енді қыста тағы да шырылдап қаламызба деп халық соны уайымдап отырмыз. Қараңғыда келіп қалса батып, ауырған-сырқаған біреу болса жеткізе алмаймызба деп қорқамыз. Ауылдың қатынасы қиындап кетті.
Жақында аудан әкімі Тассай тұрғындарымен кездескен. Мәселенің жақын арада шешілетінін айтыпты. Дегенмен жұрт бұл уәдеге күмәнмен қарап отыр. Егер биыл да көпір салынбаса, мал азығы мен отын тасуда қиындық бола ма деп алаңдайды.
Қуан Түсіпбеков, Тассай ауылының тұрғыны:
- Халық қатты уайымдады. Бұл биыл да салынбай қала ма? Не істеледі тағы... Айналып келгенде көрдіңдер ол жақта батпақ болса совсем жүре алмайды. Ауылымды, ауданымды жамандағаннан бірдеңе табамын ба?! Тек шындықты айтып тұрмын. Ұзатпау керек әр нәрсені, екі жылдан артық қандай ұзақтық керек.
Аудан әкімінің айтуынша көпірдің жобалық –сметалық құжаттамасы дайын. Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім де жіберіген.
Әділет Қожанбаев, Көкпекті ауданының әкімі:
- Отыз пайызы облыстық бюджеттен жетпіс пайызы республикалық бюджеттен қарастырылып жатыр. Бұл енді аудан көлемінде ғана емес, облыс көлемінде маңызды мәселе. Халық айналма жолмен жүріп жүр, кішкене ыңғайсыздық тудырып отыр. Бірақ мәселе биыл шешімін табады деп нақты айта аламын.
Осылайша жауаптылар көпірдің биыл салынатынын айтты. Жоспар бойынша нысан құрылысына шамамен 1 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалады.