Қаскелеңдегі заңсыз құрылыс: 100-ден астам салымшы зардап шекті
Қаскелеңде 100-ден астам тұрғын жарнамаға сеніп, жаңа үйінен айырылды.
Сан соғып қалған азаматтар мердігер мекеме өкілдеріне 972 млн теңге жинап берген. Тергеуде белгілі болғандай, «Tоредо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары 2021-2023 жылдары құрылыс саласында лицензиясыз жұмыс істеген. Соған қарамастан, әккілер «НOME», «НOME Южный», «НOME SAU», «НOME МAK» тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамалап келген. Баспаналарын белгіленген уақытта ала алмаған үлескерлер ақыры құқық қорғау органдарына жүгінді. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда. Іс сотқа жіберілді. Күдіктілердің 240 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды.
Салтанат Күшербаева, ҚР ҚМА Басқарма басшысы:
- Құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Бұл жағдай үлескерлердің жаппай құқық қорғау органдарына жүгінуіне себеп болды. Сот санкциясымен күдіктілердің 240 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда. Іс сотқа жіберілді.