Астанада масаларға қарсы ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр
Астанада масаларға, шіркейлерге және басқа да жәндіктерге қарсы толық ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жұмыс екі ауысымда жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
22 сәуірден бастап өңдеу басталды, оның шеңберінде қаланың барлық табиғи және жасанды су айдындары өңделеді.
Бұл дезинсекциялық шаралар жәндіктер санын азайтуға бағытталған. Жұмыстар тәуліктің түнгі уақытында сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін жүргізіледі. Масалар экожүйенің бөлігі болғандықтан, оларды толығымен жоюға болмайды. Ал дезинсекциялық жұмыс олардың санын 90%-ке дейін жоюға және азайтуға мүмкіндік береді.
Қала аумағында дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу үшін механикалық роторлы бүріккіштер, дезинсекциялық машиналар, қамысы қалың, қол жетпейтін жерлерді өңдеуге арналған квадрокоптерлер, ал үлкен су айдындарында арнайы жабдықталған қайық пайдаланылады.
Техникалық жабдықтардан басқа, ауқымды дезинсекциялық іс-шаралар үшін дезинсекциялық жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқама жүргізе отырып, кәсіби қызметке оқытылған 150-ден астам дезинфекциялаушы жұмылдырылды.