ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастықты арттырады

Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу – Қазақстан үшін ұлттық басымдық. Бұл жөнінде Экономикалық ынтымақтастық ұйымының өңірдегі Орнықты даму жөніндегі бірінші форумына қатысқан Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев мәлімдеді.

Вице-премьердің айтуынша, Түрікменстанның Аркадаг қаласында өткен шара сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетті нығайту және тереңдету, сондай-ақ өңіраралық байланыстарды кеңейту жөніндегі Ұйымға қатысушы елдердің өзара іс-қимылының маңызды құралына айналды. Сапар барысында Ғалымжан Қойшыбаев Түрікменстан басшылығымен екіжақты кездесу өткізіп, бірқатар маңызды салаларды қамтитын жобаларды іске асыру жайын талқылады.