1 мамырда 24KZ арнасында телемарафон өтеді

Бірінші мамыр – татулық пен бірліктің мерекесі. Дәл осы күні еліміздің басты ақпараттық арнасында «Бірлік формуласы» мерекелік телемарафоны өтеді.

24KZ арнасының барлық аймақтардағы тілшілер қосыны, шетелдегі әріптестеріміз, елордадағы жылжымалы студия мен жаңалықтар қызметі бірге алты сағат бойы тікелей эфирде хабар таратады. Бұл күні 30 жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихына қысқаша шолу жасалып, Ассамблеяның 34-сессиясында Мемлекет басшысы тапсырған жүктемелер қаузалады. Сондай-ақ бір шаңырақ астындағы алуан түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі, мәдениеті, өнері мен тыныс-тіршілігі туралы кеңінен баяндалады.

Айта кетейік, бұрын-соңды болмаған ерекше форматтағы телемарафон 1 мамыр күні таңертең сағат 09.00-де басталып, 15.00-ге дейін жалғасады.