Мәжіліс Салық кодексінің жобасын мақұлдады
Мәжіліс депутаттары Салық кодексінің жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды 24kz.
7 ай бойы депуттардың қарауында болған құжатқа 5 мыңға тарта толықтыру мен өзгеріс енгізілген. Соның ішінде қосарланған құн салығына қатысты қызу талқылау жүрді. Сонымен, халық, кәсіпкерлер мен мемлекеттің мүддесін ескере отырып, қосарланған құн салығының мөлшері 16% болып бекітілді. Ал міндетті тіркеудің шегі 15 миллионнан 40 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге жеңілдік жасалады. Олар үшін құн салығының сомасы келер жылы 5% және одан әрі 10% көлемінде қалды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер де қолдаудан тыс қалмайды. Олар үшін құн салығының жеңілдік сомасы 70%-тен 80%-ке дейін ұлғайтылды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Мемлекет басшысы әділ, ашық және болжамды салық заңнамасын қабылдау жөнінде алдымызға нақты міндет қойған. Бұл бизнес пен азаматттардың қаржылық міндеттемелерін реттейтін жай ғана ережелер жиынтығы емес, жаңа экономикалық саясат жағдайында Салық кодексін әділдік пен ашықтық кодексі деп айтуға болады. Сондықтан біз қабылдаған кодексте осы процесске қатысушылардың барлығының мүделерін теңдей сақтауға тырыстық. Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтың барлығы осы Салық кодексінің жаңа редакциясында көрініс тапты.
Ал тегін медициналық көмек, міндетті медициналық сақтандыру, сирек кездесетін ауруларды емдеу аясындағы қызметтерге қосымша құн салығы салынбайды. Бұл қатарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен баспаханалар бар. «Қосымша құн салығының көтерілуі тауар құнының күрт өсуіне әсер етпейді», - дейді жұмыс тобының өкілдері.
Берік Бейсенғалиев, Салық кодексі бойынша жұмыс тобының жетекшісі:
- Қосымша құн салығы деген кіріспесі бар, шығады. Ол толық 16% бағаға қосылады деген сөз емес, мен кірген кезде қаншамен алдым, мен маржаға, соған ғана кішкене қосылады. Сондықтан тауарлар күрт өзгереді, қымбаттайды деген рас емес. Сондықтан 2-3% инфляция деген жылда болап жатқан деңгей.