Шымкентте ₸11,6 млрд бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған
Шымкентте мемлекеттік сатып алымдарға жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде 11,6 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалғаны анықталды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады. Қала әкімдігіне қарасты бірқатар басқарма жоспардан тыс қаржы сұрап, техникалық қателіктерге жол берген. Мемлекеттік сатып алу жоспары мен нақты шығындар арасында сәйкессіздік болған. Мысалы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 912 миллион теңгеге жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразы сатып алуды көздеген. Бірақ мекеменің бюджеттік жоспары тендерде көрсетілген сомамен сәйкес болмай шықты. Сонымен қатар спорттық мекемелерді бір ғимаратқа топтастыруға 3,5 миллиард теңгеге нысан сатып алу жоспарланды. Бірақ мониторинг нәтижесінде экономикалық негіздемеге сай болмай шықты.
Жандос Бекасанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:
- 2024 жылғы барлық сатып алулардың 95%-і конкурстық комиссияның төрағасы ретінде басқарма басшысының орынбасары болған. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алудағы жүйелі бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту бойынша ұсыныстар енгізілді.