Алматыда Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған патриоттық шара өтті

Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Алматыда «Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі» тақырыбымен патриоттық шара өтті.

Жиынның ерекшелігі оған «AMANAT» партиясының Әлия есімді мүшелері қатысуында. Олар ұлы есімнің қадірі, ұрпақтар сабақтастығы және жастардың патриоттық құндылықтарды бойға сіңіруі жайында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ партия қатарына тағы да бірқатар Әлия есімді аруды қабылдау рәсімі өтті. Ұйымдастырушылар бұл даңқ пен ерлік дәстүрлеріне деген құрметтің жарқын белгісі деп есептейді. Жиналғандар батыр есімінің мәні мен рухани жауапкершілігі жайлы, жастардың елге адал қызмет етуіндегі рөлі туралы ой бөлісті. Жаңа партия мүшелерінің айтуынша, мұндай шаралар өткен мен бүгіннің арасын жалғайтын рухани көпір саналады.