Қордайда жиырмадан астам этнос өкілі тұрады

Жамбыл облысы Қордай ауданында 20-дан аса этнос өкілі тұрады.

Бүгінде ондағы 9 этономәдени бірлестік ауданның дамуына үлесін қосып, ұлтаралық татулықты дәріптеп жүр. Ал аудандағы дүнген балалары қазақ тілін мектеп қабырғасынан бастап оқып, меңгеруде.

Дүнген ұлты Қордай ауданына 140 жыл бұрын қоныстанған. Қазір Сортөбе мен Масаншы ауылдарының басым көпшілігі осы этнос өкілдерінен тұрады. Ауданда ұлтаралық қарым-қатынас пен бірлікті балабақшадан бастап үйретеді. Мәселен, «Бүлдіршін» бөбекжайында 7 ұлт өкілі еңбек етуде. Олар қазақ дәстүріне сыйластықпен қарай отырып, өздерінің де салтын санадан шығарған емес.

Айша Лочь, балабақша тәрбиешісі:

- Біздің биіміздің аты - махаббат. Бірлік, достық туралы. Ішінде 5 қыз билейді. Біз биді мейрамда билейміз мерекелерде билейміз.

Ауданда қазақ тілін дамытуға ерекше ден қойылған. Балабақшадағы топтардың 70 проценті қазақ тілінде болса, Сортөбеде 4 жыл бұрын қазақ сыныптары жұмыс істей бастады.

- Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып тұрып жүрсек болғаны дейді. 

Вангар Воинце, Сортөбе ауылдық №16 мектеп директорының орынбасары:

- 60 пайызы қазақ сыныптарға балалар қабылдайды. 40 пайыз орыс сыныптарда балалар оқиды. Бірнеше жыл бойы біздің мектептің балалары ауыл олимпиадасында пән олимпиадасы бойынша, облыс бойынша республика бойынша қазақ тілі бойынша орын алып жатыр. 

Қордай ауданында соңғы жылдары инфрақұрылым мәселесі біртіндеп шешілуде. Қазір ондағы 41 елді мекеннің 36- сы газбен қамтылған.  Қалған 5 аулылға жоба жасалып, алдағы бірнеше жылда көгілдір отынға қосылады. Соңғы 5 жылда 10,2 миллиард теңге бөлініп, 400 шақырым жол жөнделді. Сонымен қоса биыл ауызсу мәселесі толықтай шешілмек.

Қанатбек Мәдібеков, облыс әкімінің орынбасары:

- 37 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілген. Одан бөлек енді 4 елді мекен қазіргі уақытта қалып тұр. Бұның ішінде шарбақты елді мекеніндегі былтырғы жылы басталған құрылыс жұмыстары биыл аяқталуы тиіс. Сол сияқты Алға ауылы бойынша жобылық сметалық құжаттары қазіргі уақытта әзірленуде. Көкадыр мұзбел тәрізді бұл шағын елдімекендер болғандықтан бұл жерге кешенді блок модуль қоюды биыл жоспарлап отырмыз. Сонымен Қордай ауданында толық ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қордайлықтар үшін 1 мамыр мерекесінің маңызы мол. Бұл күн аудан тұрғындары үшін тек көңіл көтеретін күн емес. Олар бұл күнді ұлттар арасындағы байланыс пен сыйластық артатын, халықтардың бірлігі бекемдене түсетін мейрам ретінде қабылдайды.

Мерей Бает, Елдар Байділдә