Өскеменде жол жөндеу жұмыстары жанданады

Өскемен көшелерінің 35 учаскесі мен 20 шақырымнан аса жолында орташа жөндеу жүреді.

Бұдан бөлек 30 мың шаршы метр аумақтағы шұңқырлар бітеледі. Тұрғындардың шағымдарын ескерген қалалық әкімдік осындай шешім қабылдады. Ал мердігерлер кепіл мерзімі аясында 75 шақырым асфальт төсемін қайта қалыпқа келтіреді.

Ержан Ибраев, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- 18 учаскедегі орташа жөндеу мамыр айында аяқталса, қалғаны жаздың басында толық қалпына келтіріледі. Мердігерлер атқарылған жұмыстардың сапасына 4 жылға дейін кепілдік мерзімін белгілейді.