Мемлекеттік сатып алу кезінде отандық компанияларға басымдық беріледі

Елде табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу ережелеріне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды 24kz.

Енді конкурс кезінде отандық тауар өндірушілерге басымдық беріледі. Жаңа ереже Ұлттық экономика министрлігінің сайтында жазылған. Сатып алу екі кезеңмен жүзеге асады: алдымен тек қазақстандық өндірушілер арасында бәсеке жүргізіледі, егер жеңімпаз анықталмаса, ашық конкурс өткізіледі. Сондай-ақ рәсім мерзімі қысқарып, жеткізу жеңілдейді. Осылайша, отандық тауар өндірушілерді қолдап, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына жол ашу көзделген.