Қазақстан жауынгерлері Сұлтан Бейбарыс рухына тағзым етті

Қазақстандық әскерилер Сириядағы Сұлтан Бейбарыс рухына тағзым етті. Голан жоталарындағы бітімгерлік миссияға қатысып жатқан жауынгерлеріміз ұлы қолбасшының Дамасктегі кесенесіне барып, аумағын жинастырып қайтты. Осылайша сарбаздар тарихи мұраның сақталуына өз үлесін қосты.