Бауыржан Момышұлының алып портреті рекордтар кітабына енді

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Бауыржан Момышұлының алып портреті рекордтар кітабына енді. 

Елордадағы «Астана Арена» стадионында 600-ге жуық оқушы батырдың фотомозайка форматындағы портретін әзірледі. Шығармашылық туынды 2 мың 700 шаршы метрден астам аумаққа созылған. Жоба Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы мен Екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына арналып отыр.