Сауда орындарына міндетті сақтандыру жауапкершілігі артылады

Көпшілік жиналатын жерде өрттен зардап шеккендерге сақтандыру компаниялары есебінен шығын өтеледі, деп хабарлайды 24KZ. Биыл ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда және ойын-сауық орындарының жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі.

Қазір тиісті заң жобасы Парламенттің қарауында. Сонымен қатар тұрғын үйлерді табиғи апаттардан сақтандыру тетігі енгізілмек. Мәселен, Алматыдағы былтырғы жер сілкінісі елдің солтүстігі мен батысындағы тасқыннан кейін халықтың мүлкін қорғау қажеттілігі қатты сезілді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиеваның мәліметінше, қазақстандықтардың жылжымайтын мүлкін сақтандыру қазір небәрі 3,2% құрап отыр. Бұл сақтандыру жүйесіндегі ең төменгі көрсеткіш. Сол себепті Үкімет сақтандыру нарығын нығайтудың қосымша тетігін қарастырып жатыр.