Ертең Астанада ауқымды әскери шеру өтеді

Отан қорғаушылар күнінде Астанада өтетін шеруге 4 мыңнан астам жауынгер қатысып, 200-ден астам жауынгерлік техника мен қару-жарақ түрлері және 60-тан астам әуе кемесінің әлеуеті көрсетіледі, деп хабарлайды 24kz.

Шеруге Қарулы күштердің үздік бөлімшелері, құрмет қарауылы роталары, құқық қорғау органдарының өкілдері жұмылдырылған. Мерекенің тікелей көрсетілімін  сағат 11.00-ден бастап елорданың бірнеше негізгі алаңдарынан көруге болады.

Айта кетсек, әскери парадты өткізуге байланысты қаланың кей көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі. Шеру Тәуелсіздік көшесінің бойында, Қазақ елі монументі жанында өтеді.