Шерзат ісі: күдікті сұралып, дүкендегі бейнежазба қаралды
Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысында «Қамажай» дүкеніндегі камераның бейнежазбасы қаралды, деп хабарлайды 24kz.
Видео арқылы қайғылы жағдайдың жай-жапсары анықталды. Процесте күдікті Дархан Әскентайдан жауап алынды. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, хаттама алу және беттестіру кезінде берген жауабынан бас тартты. Бұл шешімін ол тергеп-тексеру барысында өзіне қысым көрсетілгенімен түсіндірді. Сот отырысында сотталушылардың адвокаттары прокурорға сенімсіздік танытты. Олар Дана Сәрсенбайға «қарсылық білдіруді» сұрады. Өйткені мемлекеттік айыптаушы, эмоцияға берілетінін және іс Алматы облысының аумағында болғанын алға тартты. Судья Ержан Жанұзақов аталған өтініш негізсіз екенін мәлімдеп, ұсынысты қанағаттандырмады. Келесі сот отырысы 15-16 мамырда өтеді.