Әскери шеруді қай LED-экрандар арқылы көруге болады?
Елордада Отан қорғаушы күніне және Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған Әскери парадқа ардагерлер, тыл еңбеккерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының ардагерлері шақырылған. Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау күшейтіледі. Қала қонақтары мен тұрғындары парадты тікелей эфирде тамашалай алады.
Бұл үшін елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы алаңда, «Астана Арена» стадионы аумағында және «Astana Music Hall» автотұрақ маңында арнайы LED-экрандар орнатылған. Бір ескерерлігі, шеру өтетін ауданда көлік қозғалысы шектеледі. Сондықтан барар бағытыңызды ала жоспарлап алыңыз.