М. Әшімбаев: Әскеріміздің айбыны асқақтай берсін
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады.
«Кең байтақ жеріміздің қауіпсіздігі мен егемен еліміздің тыныштығын күзеткен ерлеріміз қашанда осы жауапкершіліктің үдесінен шығып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біздің бүгінгі әскеріміз – батыр бабаларымыздың лайықты ізбасары. Қуатты армиямыз – тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны және мызғымас мемлекеттіліктің мығым тірегі. Алдағы уақытта да қорғанысымыз күшейіп, әскеріміздің айбыны асқақтай берсін!», – деп жазды Сенат Спикері өзінің Facebook парақшасында.