Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды
Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды 24kz.
Бұған Жапония наразылығын білдірді. Қазір Оңтүстік Кореяның қорғаныс күштері ракеталардың нақты бағытын анықтап жатыр. Соңғы рет Пхеньян наурыздың басында қысқа қашықтыққа арналған бірнеше баллистикалық қару ұшырған еді. Сол кезде Оңтүстік Корея мен АҚШ әскерилері бірлескен оқу-жаттығуларын өткізген болатын.