Жыл басынан бері суды заңсыз пайдаланғандар ₸2,9 млн айыппұл төледі
Жыл басынан бері су заңнамасын бұзған тұлғалардан 2,9 млн теңге айыппұл өндірілді, деп хабарлайды 24kz.
Суды заңсыз пайдаланумен байланысты 35 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров хабарлады. Бассейндік инспекция биыл 13 тексеру жүргізіп, 8 заңбұзушылық анықтаған.
Еске салайық 2024 жылы су заңнамасын бұзғандардан 44,5 млн теңге өндірілген болатын. Былтыр бұл бағытта 1855 заңбұзушылық анықталды. Судың «көлеңкелі нарығымен» күресу үшін былтыр министрлік жанынан Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды. Сондай-ақ су инспекторларының саны 98 адамнан 210-ға дейін артты. Ал Жаңа су кодексінде бассейндік инспекцияларға бақылау жүргізу құзыреті берілді.