Атырау облысында шегірткені улауға ₸350 млн бөлінді

Атырау облысында биыл шегірткеге қарсы күреске 350 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды 24KZ. Оның ішінде саяқ шегірткелерді улауға жергілікті бюджеттен 176 миллион теңге, ал үйірлі шегіткелерге қарсы республикалық бюджеттен 171 миллион теңге қарастырылды.

Мамандардың айтуынша, шегірткенің дернәсілдері мамыр айының соңына қарай оянады. Қазір көктемгі зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы биыл өңірде 100 мың гектардан астам аумақ өңделеді.

Индира Ғұмашева, облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысының м.а.:

- Химиялық өңдеу жұмыстары Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға, Индер ауданадарында және Атырау қаласына қарасты ауылдық округтерінде жүреді. Улау кезеңдері көпжылдық орташа көрсеткіштерге сәйкес шамамен мамыр айының үшінші онкүндігінде басталып маусым айының аяғына дейін деп жоспарланып отыр.