Қ. Тоқаев Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан сарбаздарына құрмет көрсетті
Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті.
Әскери шеруде елімізден Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-бригадасының жауынгерлері сап түзеген еді. Қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді. Еске салайын, Ресей басшысы Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Кремльде қарсы алған еді.