Ақмола облысында көзі тірі үш ардагер қалды

Ақмола облысынан майданға 90 мыңға жуық адам аттанған.

Бірақ оның тек 37 мыңы ғана елге аман оралды. Оқ пен оттың ортасынан келген батырлар қатары жыл санап сиреп келеді. Мәселен, былтыр аймақта Жеңіс күнін 5 ардагер тойласа, биыл көзі тірі 3 майдангер ғана қалған. Көкшетауда өткен шара барысында жиналған халыққа соғыс жылдарынан сыр шертетін театрландырылған қойылымдар ұсынылып, «Мәңгілік алау» мемориалды кешенінде қан майданда қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті. Айта кетейік, биыл Ақмола облысында соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден берілді.

Шияп Әлиев, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Жеңіс күні – бұл ұмытылмайтын күн. Әсіресе бізге соғыс уақытында туған, соғыстан кейін туған жаралы болып келген азаматтарды көрген, мүгедек болып келген, бізді тәрбиелеген, біз оқу бітіріп жатқан кезде сол азаматтар бізді тәрбиеледі. Сондықтан бізге ол өте ыстық. Кейінгі жастарымызды тәрбиелеуіміз керек. Соғыс болмасын.