Асфальт-бетон зауыттарының жол құрылысы маусымына дайындығы тексеріліп жатыр
Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» елдегі барлық асфальт-бетон зауыттарын аттестаттаудан өткізіп жатыр.
Қазір республикада тіркелген 414 нысанның 332-сі, яғни 80% инспекциядан өтті. Атап айтқанда, мамандар Астана және Шымкент қалаларында, Жетісу, Алматы, Қостанай, Атырау, Павлодар облыстарындағы зауыттарды зерттеген. Осылайша олардың жарақтандырылуы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі, сапа қызметіне сәйкес штат құрамының болуы, материалдардың, конструкциялар мен бұйымдардың кіріс бақылауының, оның ішінде жол-құрылыс материалдарын сақтау және тасымалдау қағидаларының сақталуы, сапаны бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі технологиялық регламенттерді тексерілді.