Қ.Тоқаев анасы жайлы естелікпен бөлісті
Бүгін – Аналар күні! Осы орайда Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде анасы Тұрар Шабарбаева жайлы естелікпен бөлісіпті, деп хабарлайды 24kz.
Ол жазбасында Кеңес Одағы тарауымен тұспа-тұс келген сындарлы сәттерде анасының батыл қолдағанын ешқашан ұмытпайтынын айтты. «Сол бір қауырт күндері Мәскеуде қалып, Ресей мемлекетінің Сыртқы істер министрлігінде қызмет істеу немесе елге қайтып оралуды анықтау қажет еді. Сонда анамның: «Әкең тірі болса, саған бірден Қазақстанда қызмет ету керек дер еді», - деп айтқаны есімде.
«Бұл сөз бұйрықтай болып естілді», - деді. Тұрар Шабарбаева баласына жан-жағына байыпты қарап, ұстамды болуға, жақсыны үйренуге және одан тек пайдалысын алуға үйретті