Биыл елдегі жеті мың шақырым канал жаңартылады
Биыл елдегі 6 мың шақырымнан астам канал жаңғыртылады.
Ол бюджет пен халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен жүзеге аспақ. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Су ресурстары және ирригация министрі мәлімдеді. Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, ирригациялық каналдарды жаңғыртумен қатар, қазір өзге де гидротехникалық құрылыс нысандарында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, бүгінге дейін Ақтөбе, Қызылорда және Шымкенттегі су қоймалары жаңартылып, пайдалануға берілді. Былтыр министрлік, осы бағыттағы жалпы құны 600 миллиард теңге болатын 100-ден астам жобаны іске асырған. Биыл тағы 138 жобаны жүзеге асыру көзделді. Оның ішіндегі бірқатар жоба елдің 9 аймағындағы халықты таза ауыз сумен қамтуға мүмкіндік бермек.