Қарағанды облысының ветеринарлық станцияларына жаңа қызметтік көлік табысталды
Өңірге қарасты 7 аудан мен Қарағанды, Балқаш қалаларына барлығы 66 жол талғамайтын көлік берілді, деп хабарлайды 24kz.
Енді мамандар шалғай елді мекендерге жедел жете алады. Ветеринарлық станциялардың техника паркі көптен бері бұлай ауқымды жаңартылмаған.
«Профилактикалық және шұғыл ветеринарлық іс-шараларды атқару үшін қызметтік көліктің болуы маңызды», - дейді сала мамандары.
Серкебай Абдуллин, Нұра ауданы Тікенекті ауылының ветеринар маманы:
- Келешекте жақсы еңбек болады ғой деп сенеміз. Енді малдарымызды уақытында егіп, қандарын аламыз. Сондай жұмыстарға құлшына кірісеміз деген ойдамыз.