Мемлекет басшысы мен Абу-Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид әл Нахайян қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне де барды, деп хабарлайды 24kz.

Мәртебелі меймандар ұлттық киім үлгілері, қолөнер, әдет-ғұрып пен музыкалық аспаптар, халық ойындары көрсетілген түрлі тақырыптық аймақты тамашалады. Қазақ халқының бай тарихы мен рухани құндылықтарын танытатын аңшылық және кескіндеме өнеріне баса назар аударды.